Ст. 44 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
44-бап. Салық органының лауазымды адамын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Салық органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады. 2. Салық органы лауазымды адамының заң талаптарын орындамау, қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық көрсету немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қолсұғушылық, оның қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
3. Салық органы лауазымды адамының қызметтік жұмысты жүзеге асыруына байланысты денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген кезде оған бюджет қаражатынан бес ең төмен жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Салық органы лауазымды адамының қызметтік жұмысты жүзеге асыруына байланысты оның денсаулығына кәсіптік қызметпен айналысуына одан әрі мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян келтірілген кезде салық органының лауазымды адамына бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық айлықақысы мен зейнетақысының мөлшерлері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
5. Салық органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
6. Салық органы лауазымды адамының қызметтік міндеттерді орындауына байланысты оның, сондай-ақ оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына және мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 696-бап. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі ҚР Салық кодексi 87-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу ҚР Салық кодексi 693-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістер... Өсiмдiктер карантинi туралы ҚР Салық кодексi 40-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкіліРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей