Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 65 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Еңбек кодексi
65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі

1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, ұлттық басқарушы холдингтің бірінші басшысы тәртіптік жаза қолданған кезде осы баптың және осы Кодекстің 66-бабының ережелері қолданылады. 

2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) не жұмыскердің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, электрондық түрде түсініктеме талап етуге міндетті. 

Жасалған тәртіптік теріс қылық фактісі бойынша түсініктеме беру туралы талап жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) ресімделеді және жұмыс берушінің талабын алғаны растала отырып, жұмыскерге жеке өзіне немесе курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тапсырылады. 

Жұмыскер талапты алудан жалтарған немесе бас тартқан жағдайда жұмыс берушінің өкілі тиісті акт жасайды. 

Егер жұмыскер талапты алған немесе талапты алудан жалтару немесе бас тарту туралы акт жасалған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейін түсініктеме бермесе, онда жұмыс берушінің өкілі тиісті акт жасайды. 

Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды. 

3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін. 

4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: 

1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған; 

2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан босатылған; 

3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған; 

4) жұмыскер іссапарда болған; 

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде шығарылмайды. 

5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады. 

Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті. 

Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2021 № 61-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...204

Перейти к статье
Коментарии пользователей

  Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен келісіліп Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталынатын және сотталғанадамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалануды бекіту туралы» Қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 6 -тарауының 41 -тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түріндегі жазаны орындайтын органдары сотпен айыппұл түріндегі жазаға сотталған тұлғамен айыппұл толық төленгеннен кейін, 5 жұмыс күні ішінде, айыппұлдың төлеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін қоса сала отырып, айыппұлдың өндіріп алу орны бойынша Комиттеттің аумақтық органдарына жазбаша түрде хабарлауы тиіс (атқару өндірісінің қысқартылуы туралы қаулы, айыппұлдың төлеу туралы түбіртек және басқалар).

           айыппұлдарды толық өндірілген 15 тұлғаға қатысты растайтын құжаттар Департаментке ұсыныбағандығы анықталды.

Осы бойынша жазаға тартуды сұрап отыр. Алайда менің тарапымнан 16.10.2024 жылы аяқталған өндіріс бойынша хабарлама 28.10.2024 ж ұсынылып отыр,яғни сенбі жексенбіні қоспағанда екі күнге кешіктіріліп берілген. Бұл қазан айындағы өндіріс,алайда ұсыныс 3 ай мерзім өткен соң маған қатысты ұсыныс жіберіліп отыр. Ақпарат мүлдем жіберілмей қалған жоқ қой. Жазаға тарта ма соны түсіндірсеңіз.

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться